31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр
2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұндағы мақсат – жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сонымен қатар мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.
«Апробация 4-сыныпқа арналған мына оқулықтарды қамтиды: Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу, Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз) және Цифрлық сауаттылық (электрондық оқулық). Апробацияға педагогтар мен оқушылар қатысып жатыр, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.