00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты

Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне бардым. Бұл орталық қала бойынша барлық автобусты мониторингілеп, бақылап отырады: қоғамдық көліктің статусын, желіге қаншалықты уақытында келетінін, кептеліс кезінде автобустардың жұмысын реттеу қажет пе, жол қозғалысының қарқындылығын және т.б. көреді. Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығардық, бұл бізге қоғамдық көлік паркін 45% жаңартуға мүмкіндік берді. Осының және жүйені жаңғырту есебінен жолаушылар ағыны 26%-ға артты. Мәселен, 2023 жылы жолаушылар ағыны күніне орта есеппен 755 мың адамды құраса, 2024 жылы 950 мың адам болды»,- деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімі өз сөзінде Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты.

«Ақылды бағдаршам» енгізілген учаскелерде көліктің орташа жылдамдығы 30 км/сағ дейін ұлғайған.

Сол сияқты бүгін автобустарға түсетін жүктемені бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды жақсарту үшін жүйе әр автобуста нақты қанша адам билетсіз жүретінін көрсетеді. Бұл көліктік бақылау департаментінің тиімді жұмыс істеуіне және жолақы төлеуден жалтарғандарды анықтауды арттыруға, сол арқылы оларды азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ CTS базасында көлік басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Қазір автобустардың статусын нақты уақыт режимінде көріп отырмыз, ал енді бұл жобаны қаланың коммуналдық қызметтеріне де енгізу жоспарланып отыр: желіге қанша тазалау және суару техникасы шықты және т.б.

Жоғарыда айтылған барлық жұмысты, оның ішінде жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.