Елімізде қанша тауар биржасы бар?


2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 8 тауар биржасы жұмыс істеген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың басым бөлігі елордада тіркелген – 3 бірлік. Алматы мен Шымкентте әрқайсында 2 биржа жұмыс істейді, ал Батыс Қазақстан облысында бір биржа бар. 2023 жылмен салыстырғанда биржалардың жалпы саны 2 бірлікке кеміген.
Өткен жылы елдегі жалпы биржадағы сауда көлемі 19 739 бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда 37%-ға аз. 2024 жылы тауар биржаларына 336 мүше тіркелген, ал жасалған биржалық мәмілелердің саны 29 866 бірлікке жеткен.
Негізгі сауда жасалған тауарлар - минералды өнімдер, ондағы мәмілелер саны - 11 553 бірлік. Екінші орында – әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар (8 770 бірлік), үшінші орында – портландцемент, балшықты-топырақты цемент және басқа да цемент түрлері, олардың сауда көлемі 6 495 бірлікті құрады.



