Ақтөбеде жол жөндеуге бөлінген 272 млн теңге қолды болған

Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтөбе қаласының прокуратурасы «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директоры бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған», - деп жазылған хабарламада.
Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:09
Республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолы пайдалануға берілді

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды