00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алимент төлеуден жалтарған 163 борышкер жауапкершілікке тартылды

2 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада алимент төлеуден жалтарған 163 борышкер жауапкершілікке тартылды
Фото: Астана қаласы Коммуникациялар қызметінен

Бүгінгі таңда Астанада алимент өндіріп алу туралы 21 мыңға жуық атқарушылық құжат бар. Елорданың Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанна Сүйімбаева коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оларды өндіріп алу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласының Әділет және Полиция департаменттері мен қаланың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы тұрақты негізде «Борышкер» рейдтік іс-шарасын өткізеді. Оның мақсаты – алимент төлемдерін төлеуден жалтарған немесе табыс көздерін, балаларына тиесілі қаражатты жасырған адамдардан өндіріп алу.

«Жыл басынан бері осындай рейдтік іс-шараның нәтижелері бойынша 104 автокөлік ұсталды, алимент бойынша 52 автокөлік ұсталып, коммуналдық арнайы тұраққа қамалды. Жалпы сомасы 67 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылары ұсталған автокөліктерді бағалау және сауда-саттыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Жанна Сүйімбаева.

Оның айтуынша, осы санаттағы атқарушылық іс жүргізу бойынша жұмыссыз борышкерлерге көмек ретінде ай сайын Астана әкімдігімен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі. Осы шаралардың арқасында 2024 жылы алимент төлемдері бойынша берешекті өтеген 136 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Жыл басынан бері Астанада сот алимент төлеуден жалтарғаны үшін 163 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 39-ы екі-бес тәулік мерзімге қамауға алынды, қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұдан басқа, Астана қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алимент төлеуден қасақана жалтарған 8 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.