Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Фото: olympic.kz
Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

15 қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

15 қыркүйек, 2025
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт нысаны ашылды

15 қыркүйек, 2025
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды