«Челси» клубына ауысқан Дастан Сәтпаевтың әсерлі голының ВИДЕОСЫ жарияланды

Бүгін, 09:35
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Челси» клубына ауысқан Дастан Сәтпаевтың әсерлі голының ВИДЕОСЫ жарияланды
Фото: meta-ratings.kz

EURO-2025 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасының жас таланты Дастан Сәтпаев соққан голдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ДАСТАН СӘТПАЕВ КІМ

Видеоға назар салсақ, Сәтпаев қарсыластың төрт ойыншысын шеберлікпен алдап өтіп, қақпашыны қапы қалдырып, әдемі гол соққанын көруге болады.

Англияның атақты «Челси» футбол клубына ресми түрде ауысқан қазақстандық футболшының бұл голы оның жоғары деңгейдегі шеберлігін тағы да дәлелдеді.

Дастан Сәтпаев Алматы қаласында дүниеге келген. Ол футболдағы алғашқы қадамдарын «Қайрат» академиясында жасады, мұнда барлық дайындық сатыларынан өтіп, болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы ретінде танылды.

Дастанның спорттық мансабы жетістіктерге толы:

QJ League турнирінде екі маусымда 28 матч өткізіп, 26 гол және 10 нәтижелі пас жасады.

ҚАНША ГОЛ СОҚТЫ

2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы атағына ие болды.

Бірінші лигада 5 матч өткізіп, жеңіс голын соқты.

УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол және 1 нәтижелі пас берді.

2024 жылдың мамыр айында Дастан Сәтпаев 15 жасында «Қайрат» командасының негізгі құрамында дебют жасап, клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Дастанның «Челси» командасына ауысуы – оның мансабындағы маңызды белес. Бұл жас футболшы үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік болмақ. Жанкүйерлер оның жаңа клубтағы жарқын жетістіктерін асыға күтуде.

Еске салсақ, бұған дейін 16 жастағы қазақ футболшысы әйгілі «Челси» клубының ойыншысы атанғанын жазған едік.