16 жастағы қазақ футболшысы әйгілі «Челси» клубының ойыншысы атанды

16 жастағы қазақ футболшысы әйгілі «Челси» клубының ойыншысы атанды
Фото: freepik

16 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев мансабын атақты «Челси» клубында жалғастырады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Ол 2026 жылғы жазда кәмелет жасына толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді», - делінген клубтың Instagram желісінде жариялаған хабарламада.

Дастан Алматы қаласында дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен.

Оның жетістіктері:

QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас;

QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы

 Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан;

УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас.

 Бұдан бөлек, Дастан Сәтпаев 2024 жылғы мамырда 15 жасында негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанған.

 «Дастанның мансабындағы ең маңызды қадамы құтты болсын! Біз оның жетістіктерімен мақтана отырып, оны жаңа белес күтіп тұрғанына сенімдіміз!» - деді «Қайрат» ФК өкілдері