Header Banner

Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде күміс медальға ие болды

Бүгін, 17:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Кристина Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде күміс медальға ие болды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Отандасымыз «А» дивизионында 1000 метр қашықтықтағы жарыста жүлдеге ие болды.

Кристина Шумекова бұл қашықтықты 1 минут 15,64 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды.

Нидерланд өкілі Ангел Далеман (1:14.07) бірінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Польша спортшысы Виктория Дабровска (1:15.85) түйіндеді.

Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Еске салсақ, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 28-29 қараша аралығында Гонконгта өтетін Азия кубогына қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады.