Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Бразилия өкілі Сара Кампоспен кездесті.
Жекпе-жектің алғашқы раундында Ақнұр басымдық танытты. Алайда қарсыласы екінші және үшінші раундтарда нәтижені өз пайдасына шешіп, төрешілердің 4:1 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.