Header Banner

Астанада өтетін халықаралық спорттық және би турнирлеріне 2 мыңнан астам адам қатысады

Астанада өтетін халықаралық спорттық және би турнирлеріне 2 мыңнан астам адам қатысады
Фото: instagram.com/roofsst

14-15 қарашада Астанада черлидингтен Қазақстан Республикасының чемпионатын, чир спортынан, би бағыттарынан, акробатикалық рок-н-роллдан және пара би спортынан халықаралық жарыстарды біріктіретін ірі спорттық және мәдени іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарыстарға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдерінен 2 мыңнан астам спортшы мен биші қатысады деп күтілуде.

Екі күн бойы қатысушылар спорттық дайындығын, хореографиялық шеберлігін, әртістік қабілетін және командалық үйлесімін көрсетеді. Өнер көрсетулерді кәсіби халықаралық төрешілер алқасы бағалайды.

Іс-шаралар бағдарламасы

• 14 қараша – черлидингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты және ашық халықаралық турнир. Жарыстарда черлидинг пен перформанс-чир бағыттарындағы командалар мен спортшылар бақ сынайды.

• 15 қараша – эстрадалық және заманауи би бағыттары бойынша халықаралық турнир. Әртүрлі би стильдері мен жас санаттарының өкілдері өнер көрсетеді.

• 15 қараша – акробатикалық рок-н-ролл бойынша жарыстар. Қатысушылар би, акробатика және спорттық шеберлік ұштасқан серпінді бағдарламаларын ұсынады.

• 14-15 қараша – пара би спортынан KAZAKHSTAN OPEN 2026 ашық халықаралық турнирі. Бағдарламада мүгедектігі бар спортшылардың жоғары техникалық, музыкалық және спорттық шеберлігін танытатын өнер көрсетулері бар.

14 қарашада сағат 13:00-де жарыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын қатысушыларға қолдау көрсетуге әрі жарқын өнер көрсетулерді тамашалауға шақырады.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы (Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1) – черлидингтен чемпионат пен халықаралық турнир, би жарыстары, акробатикалық рок-н-ролл және пара би спортынан KAZAKHSTAN OPEN 2026 халықаралық турнирі өтетін орын.