Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай көшелер мен ғимараттар ғана емес, танымал сауда орталықтары да мерекелік күйге ене бастады. Бұл іске MEGA Silk Way және «Сарыарқа» сауда орталықтары да атсалысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сауда орталықтарының LED-экрандарынан Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Мерекеге арналған безендірулер қала көшелеріне ерекше көрік беріп, тұрғындар мен қонақтарға айтулы күннің жақындағанын сездіреді.
Елорда Тәуелсіздіктің 35 жылдығын қарсы алуға дайындалып, мерекелік кейіпке еніп жатыр. Қазақстан бұл маңызды күнді 16 желтоқсанда атап өтеді.
Еске сала кетейік, Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қызғалдақ мекені» көрмесі ашылды.







