Астанада жыл басынан бері заңсыз қоқыс төккені және рұқсат етілмеген жерге жинағаны үшін 26 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке жүздеген жеке және заңды тұлға тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Құқық бұзушылар бейнебақылау камерасы, ғарыш мониторингі және тұрақты рейдтер арқылы анықталады. Сонымен қатар осы уақыт аралығында елордадағы рұқсат етілмеген орындардан 230 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Нұра ауданында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 219 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 66-сы – жеке, 153-і – заңды тұлға. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 15 млн теңгеден асты. Бұдан бөлек, жыл басынан бері ауданда 64 аумақ тазартылып, 96 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.
Сарыарқа ауданында 96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 71-і – заңды, 25-і – жеке тұлға. ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша қарау үшін 30 материал жолданды. Салынған айыппұл көлемі 4 млн теңгеден асты. Сонымен қатар 505-бап бойынша 77 адам жауапкершілікке тартылып, оларға бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ауданда 19 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылып, 16 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сарайшық ауданында заңсыз қоқыс төккені үшін 29 жүргізушіге жалпы сомасы 2,1 млн теңге айыппұл салынды. «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы тағы 61 құқық бұзушылық анықталды. Осы бойынша 2,3 млн теңге айыппұл салынды. Ғарыштық мониторинг нәтижесінде стихиялық 25 аумақ анықталып, тазартылды. Барлығы 35 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Байқоңыр ауданында жыл басынан бері абаттандыру қағидасын бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты 25 іс бойынша әкімшілік шара қолданылды. Оның 16-сына айыппұл салынса, 9 жағдайда ескерту берілді. Тағы 10 материал Экология департаментіне жолданды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2,4 млн теңге болды. Сонымен қатар 38 аумақ тазартылып, 40 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Есіл ауданында құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгетін жүргізушілерге ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері көлік жүргізушілеріне қатысты 70 материал Экология департаментіне жолданды. Оларды қарау нәтижесінде 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Ғарыштан түсірілген суреттер арқылы төрт аумақта заңсыз қоқыс төгілген 19 орын анықталып, олардың барлығы тазартылды. Нәтижесінде 45 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Осылайша, жыл басынан бері елордадағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан 230 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Аумақтарды тазалаумен қатар аудан әкімдіктері уәкілетті органдармен бірлесіп, құқық бұзушыларды анықтау, рейдтер жүргізу және заңсыз қоқыс орындарының қайта пайда болуына жол бермеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Астанада заңсыз қоқыс төккен жүздеген адамға айыппұл салынды
Бүгін, 17:26
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:10
«Тұран-Астана» университетінде жастардың құқықтық сауатын арттыруға арналған онкүндік өтіп жатыр
Бүгін, 13:16
Көкшетау – Астана тасжолында нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды
Бүгін, 10:38
Таныс болса да, сәлемдемесін тасыма: авиациялық әкімшілік жолаушыларды сақ болуға шақырды
Бүгін, 10:21
Астанада әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан ер адам 7 тәулікке қамалды