Header Banner

Ербол Мырзабосынов таеквондо федерациясының өкілдерін марапаттады

Бүгін, 19:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ербол Мырзабосынов таеквондо федерациясының өкілдерін марапаттады
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының басшылығы мен қызметкерлерін, сондай-ақ өңірлік федерациялардың жетекшілерін қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр отандық таеквондоны дамытуға, спортшыларды қолдауға және өңірлердегі жұмысты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін федерация өкілдеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, министрлік пен федерация арасындағы әріптестіктің және өңірлік ұйымдардың жүйелі жұмысының маңызын атап өтті.

Таеквондоны дамытуға қосқан үлесі үшін федерация президенті Кудрәт Шамиев, бас хатшы Арал Садықов, қаржы жөніндегі вице-президент Алмас Аширбеков, халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент Надежда Хамитова, әкімшілік басқару жөніндегі вице-президент Айзат Қарашашев және спорт жөніндегі вице-президент Сұлтан Қасымов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ аталған марапатқа федерация қызметкері Динара Кабдулова, ұлттық құраманың дәрігері Ахмет Гасанов, Алматы қаласы таеквондо федерациясының президенті Шухрад Шардинов және Ақмола облысы таеквондо федерациясының президенті Николай Боровинский ие болды.

Еске салсақ, Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при финалы алғаш рет өтеді.