Президент СOP29 cаммитінде бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті

фото: Akorda.kz
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
COP29 Дүниежүзілік климат саммитінің аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен, Молдова Президенті Майя Сандумен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.
Кездесулер барысында әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, жаһандық климаттың күн тәртібі, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

16 қазан, 2025
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

16 қазан, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті