Қазір жалған ақпаратпен күресу маңызды – Сенура Абервайдена


Бұл туралы елордада өтіп жатқан II Орталық Азия медиа форумында Оңтүстік және Орталық Азиядағы Meta реттеу компаниясының директоры Сенура Абервайдена айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Панельдік сессия жасанды интеллект пен үлкен деректер дәуіріндегі медианың трансформациясы тақырыбында өтіп жатыр.
«Мен осы форумға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Біз адамдарға ұнайтын технологияларды дамытамыз. Нәтижесінде әлемнің жартысы біздің өнімдерді пайдаланады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Дегенмен қазір жалған ақпаратпен қалай күресуді анықтау маңызды. фактчекинг бағдарламасын іске қостық. Бүгінде оның даму прогрессі мен өзге зерттеулерді қарастырудамыз. Бағдарламадан АҚШ бас тартты. Дегенмен бұл бағдарлама басқа мемлекеттерде жұмыс істейді»,- дейді Сенура Абервайдена.
Айта кетейік, ауқымды медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысып жатыр.