Қазақстанның Түркиядағы елшілігі азаматтарға үндеу жариялады

24 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі азаматтарға үндеу жариялады
Фото: Сыртқы істер министрлігінен

Түркиядағы жағдайға байланысты елшілік қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға бармауға, шеру мен митингілерге қатысудан бас тартуға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындап, Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес берді.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496;

2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465;

3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522;

4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789.