00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада бір жылда 41 мыңнан астам адам «Жанұя» орталығына жүгінді

17 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада бір жылда 41 мыңнан астам адам «Жанұя» орталығына жүгінді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада бірнеше жылдан бері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда 41 мыңнан астам азамат 44 мың түрлі мәселе бойынша көмек сұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған.

2024 жылы «Жанұяға» 44 мыңнан астам мәселе бойынша 41 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде:

- заң көмегіне 1 243 өтініш;

- психологиялық көмек бойынша 495 өтініш;

- 27 653 өтініш әлеуметтік қызметтер портының жұмысы мәселелеріне: 17 208 өтініш қабылданды, 10 445 адамға кеңес берілді.

Айта кетерлігі, 2 051 отбасы қайырымдылық қорларымен бірлесіп, орталықтан азық-түлік себетін, гигиеналық құралдарды, тұрмыстық химия құралдарын алып, мәдени-ойын-сауық шараларына барды.

Өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар үшін 64 іс-шара өткізілді, олар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар: мәдени-сауық іс-шаралары, семинарлар мен тренингтер, шеберлік сабақтары, құқықтық мәселелер бойынша ашық есік күндері, құқықтық сауаттылық және психологиялық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер.

«Жанұя» орталығына +7 (7172) 72-51-51 телефоны бойынша байланыс орталығы немесе zhanuya@otbasy-astana.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

Мекеме дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-18.00 (түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін) аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 14.