ТЖМ құтқарушылары жолда қалған Түркия азаматына көмектесті

Фото: видеодан скриншот
Суықта тасжолда қалған Түркия азаматы құтқарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бүгін 112 нөміріне Алматы-Екатеринбург автожолының 628-шақырымында, Балқаш қаласының маңында жүк көлігі бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ қызметкерлері 1993 жылы туған жүргізушіні жақын маңдағы кафеге эвакуациялады. Ол Түркия азаматы болып шықты, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірген.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

15 қазан, 2025
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейсін ашады

15 қазан, 2025
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы белгілі болды

15 қазан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған монета айналымға шықты