ШҚО-да есірткі дайындайтын астыртын зертхана ашқан шетелдік азаматтар ұсталды

Фото: Elordainfo.kz
Шығыс Қазақстан облысында Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхана анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
«Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесінде қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», - деді Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады