00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық ұланның қызметкері қыздың өмірін сақтап қалды

Ұлттық ұланның қызметкері қыздың өмірін сақтап қалды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Патрульдеу кезінде ұландықтар есінен танған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланған аудандарының бірінде болған. Сағат 23:30 патрульдеу бағытында Әбілқайыр хан көшесіндегі автопатрульде банк ғимаратының маңында белгісіз бір адам жолдың жүру бөлігіне шығып, әскери қызметшілерге тротуарда қыздың ес-түссіз жатқанын хабарлаған. Мұны естіген әскери жасақ кезекшісі дереу оқиға орнына барды.

Қыз есінен танып қалғаны белгілі болды. Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем бес минут бұрын шақырылғанымен, бірақ ол әлі оқиға орнына келмеген. Уақытын жоғалтпай, әскери жасақ кезекшісі майор Дмитрий Муравицкий зардап шеккен азаматты жақын маңдағы ауруханаға өзі жеткізу туралы шешім қабылдады.

Әскери қызметшінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде қыз тез арада Ақтөбе қаласының көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізіліп, кезекші дәрігерге табысталды. Тексеруден кейін дәрігер қызда жүрек талмасы болғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

«Біздің әрқайсымыз қиын жағдайда көмекке келуге дайын болуымыз керек. Ол үшін адамда жауапкершілік болуы қажет», - деді майор Дмитрий Муравицкий.