00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Көктайғақ, тұман, қар: 8 қаңтарда ауа райы қандай болады

Көктайғақ, тұман, қар: 8 қаңтарда ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласында түнде кей уақыттарда қатты қар, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.