Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173932714137674308.webp)
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ақпанның 12-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазгидромет» деректеріне қарағанда, Астанада 12 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының батысында, орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
![Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926622124381938.webp)
![Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926411549732048.webp)
![ТЖМ еліміздің 4 облысында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173927494618113256.webp)
![«Сақ болыңыз»: Банк шотын досына берген жігіттің басы дауға қалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17392742968951897.webp)