Елімізде тағы бір облыста жұмыс уақыты ерте басталады


Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер келесі аптадан бастап жұмысты ерте бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.
«Облыс әкімінің өкіміне сәйкес 2025 жылғы 21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс уақытының жаңа режиміне көшеді.08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін. Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті»,- деп жазылған әкімдік хабарламасында.



