Референдум-2026

«Заң мен Тәртіп»: астаналық жастарға өрт сөндірушілердің жұмысы таныстырылды

«Заң мен Тәртіп»: астаналық жастарға өрт сөндірушілердің жұмысы таныстырылды
Фото: видеодан скрин

Астанада «Жас Үміт» жобасы мен «Заң мен Тәртіп» нарративін іске асыру аясында №23 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласының прокуратурасы Профилактика жөніндегі кеңестің мүшесі Айрат Жеңіспен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің күнделікті жұмысымен танысып, заманауи арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасының мүмкіндіктері көрсетіліп, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға деген құрметін нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын насихаттауға және жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Бұған дейін елордалық саябақта кезекті профилактикалық рейд өткенін жаздық.