Референдум-2026

Қазақстанда судьялар қалай іріктеледі

Қазақстанда судьялар қалай іріктеледі
Фото: Жоғары Сот Кеңесі

Қазақстанда судья лауазымына кандидаттарды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл туралы Elordainfo.kz ҚР Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары Сот Кеңесі Мемлекет басшысының судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін іске асыра отырып, судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды ашық, әділ әрі объективті конкурстық негізде іріктеуді қамтамасыз етеді.

Ведомство мәліметінше, судья болу үшін жоғары заңгерлік білім мен кәсіби тәжірибе жеткіліксіз. Үміткердің мінсіз беделі, жоғары жауапкершілігі, қағидатшылдығы және судья әдебінің талаптарына адалдығы да басты талаптардың қатарында.

Конкурстық іріктеудің әр кезеңі кандидаттардың кәсіби даярлығын, жеке қасиеттерін, талдау қабілетін және сот төрелігін тәуелсіз әрі бейтарап жүзеге асыруға дайындығын жан-жақты бағалауға бағытталған.

Конкурстан сәтті өткен судьялар өздерінің судьялық қызметке дейінгі жолы, конкурсқа қатысу тәжірибесі мен алған әсерлері туралы бөлісіп, іріктеудің барлық кандидат үшін бірыңғай, ашық әрі түсінікті өлшемшарттар негізінде өтетінін атап өткен.

Олардың айтуынша, түпкілікті шешім әрбір үміткердің кәсіби дайындығы мен іріктеудің барлық кезеңіндегі нәтижелері объективті бағаланғаннан кейін ғана қабылданады.

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, конкурстық іріктеу тетіктерін жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл кәсіби, тәуелсіз әрі білікті судьялар корпусын қалыптастыруға және қазіргі заман талаптарына сай сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған.

Бұған дейін Жоғары Сот Кеңесі судьялардың құрметті отставкаға шығу тәртібін түсіндіргенін жазғанбыз.