Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болат Ақшолақов бұған дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ әр жылдары мұнай-газ саласында және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.