Референдум-2026

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Бүгін, 09:29
Думан Аманжол Думан Аманжол
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Шәпкенов Атырау облысын 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарды. Оған дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, сондай-ақ Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.