Референдум-2026

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін, 13:21
Думан Аманжол Думан Аманжол
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Кейін Астана қаласы әкімдігі аппаратында, ҚР Президенті Әкімшілігінде және Президент Аппаратында түрлі жауапты қызметтерді атқарды. 2017 жылдан бастап мемлекеттік инспектор болды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.