Референдум-2026

Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу автоматтандырылады

Бүгін, 11:41
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу автоматтандырылады
Фото: freepik.com

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды орналастыруға арналған жұмыс орындарына квота белгілеудің автоматтандырылған тәсілі енгізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2027 жылға арналған квотаны қалыптастырудан бастап жүйе квота белгіленуі тиіс жұмыс берушілерді автоматты түрде анықтап, квоталанатын жұмыс орындарының санын есептейді.

«Автоматтандырудың арқасында алдын ала бағалау бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған орындар бойынша квота белгіленетін жұмыс берушілер мен жұмыс орындарының қамтылуы алты еседен астам артуы мүмкін», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асырылып жатқанын жаздық.