Мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындары ұсынылды
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленген және 16,7 мың жұмыс орнын көздейді. Бұл мүгедек азаматтар үшін жұмыс табудың, тұрақты табыс табудың және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырудың нақты мүмкіндіктері.
Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды. Онымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Бұл қолайлы жұмыс берушіні табуды жеңілдетеді және жұмыс іздеушіге өз аймағында жұмыс нұсқасын тезірек табуға мүмкіндік береді.
Жұмыс орындарын квоталау – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, әрбір азаматтың еңбек етуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тетік.
Министрлік мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, квотаның орындалуын мониторингілеу мен бағалау тетігін жетілдіруге, 50-ден астам қызметкері бар жұмыс берушілер үшін квоталардың автоматтандырылған есебін енгізуге баса назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастырады. Бұл ретте мансап орталықтары тарапынан жұмыс берушілерге квота жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеуде практикалық қолдау көрсетіледі.