БҚО-да салық заңбұзушылығы анықталып, қазынаға 77 млн теңге түсті

Бүгін, 17:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
БҚО-да салық заңбұзушылығы анықталып, қазынаға 77 млн теңге түсті
Фото: Бас прокуратура

БҚО-да Тасқала ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау барысында заңсыздықтарды анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz БҚО прокуратурасына сілтеме жасап. 

Талдау электрондық шот-фактуралар деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру нәтижесінде «J» ЖШС тарапынан қосылған құн салығы сомасын төмендету фактісі белгілі болды. 

Бұл ретте уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге көлемінде міндетті салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді.