Шымкентте СПА-салон өртенді

Бүгін, 15:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Шымкентте СПА-салон өртенді
Фото: 112 Shymkent

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан СПА-салонда өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 28 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.