Түркістанда комбайнның орақ аппаратына қысылып қалған жасөспірім құтқарылды

Бүгін, 18:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түркістанда комбайнның орақ аппаратына қысылып қалған жасөспірім құтқарылды
Фото: видеодан скриншот/ 112 КZ

Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 2009 жылы туған жасөспірім жазатайым оқиғаға ұшырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комбайнды жөндеу жұмыстары кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлдағы макарон фабрикасында 35 жастағы жұмысшы көз жұмғаны туралы жаздық.