25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Оның екеуі Қостанай облысында, біреуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.
Өрт ошақтары авиациялық мониторинг барысында анықталған. Оларды сөндіруге орман күзеті қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда барлық өрт толықтай сөндірілді.
Мамандар азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты пайдаланғанда сақ болуға ескертті.