Астанада қонақүйде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Бүгін, 08:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада қонақүйде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Фото: видеодан скриншот/ 112 Astana

Астананың «Сарыарқа» ауданында, Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалы мен электр кабельдері 10 шаршы метр аумақта жанған.

ТЖД қызметкерлері бірінші қабаттағы дәмхана мен бильярд залынан 60 келушіні қауіпсіз жерге эвакуациялады.

«Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен ажыратқаннан кейін өрт толық сөндірілді», - деп мәлімдеді төтеншеліктер.

Зардап шеккендер жоқ.