Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.
Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады», – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.