Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін, 13:50
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы айналымда Қырғызстан өкілі Раззак Бейшекеевпен белдесті

Кездесу қорытындысы бойынша Бағдат Сабаз 8:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Еске салайық, бұған дейін Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола медальге ие болғаны туралы жаздық.