Астанада Абай даңғылының Ә.Сембинов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі аралықта жол жабынына маршруттық жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 17-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, жолақтардың жабылуымен ішінара шектеледі. Жұмыс жүргізу кезеңінде аталған аумақта көлік кептелісі туындауы мүмкін.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.