00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада қонақүйде ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды

30 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордада қонақүйде ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Аталған азаматты тергеп-тексеру барысында кешкі уақытта елордадағы қонақүйдің бірінде Vivo маркалы ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткені белгілі болды. Жәбірленушіге келген шығын көлемі шамамен 80 мың теңге болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Полицейлердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды.

Анықталғандай, ер адам қонақүйге дем алу үшін келген. Содан үстел үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындаған. Осыдан соң ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, арам ойын жүзеге асырып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Елордалық полицейлер тұрғындарға жеке бағалы заттарыңызды ұрлықшылардың оңай олжасына айналмауы үшін сақ болуды ескертеді.