Тұрғын үйді жалға алуға жеке тұрғын үй қорынан қандай субсидия бөлінеді

Тұрғын үйді жалға алуға жеке тұрғын үй қорынан қандай субсидия бөлінеді
фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау ережесін бекітті. Бұл туралы министрліктің бұйрығында жазылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Субсидиялау – жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға (жалға алуға) ақы төлеу мақсатында субсидия алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақы түрінде өтеусіз негізде тағайындалатын мемлекеттік қолдау.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды тағайындау және жүзеге асыру (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (көрсетілетін қызметті беруші), арқылы тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жасалған қызметтер көрсету шарты негізінде төленеді.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен 50 (елу) пайызы және көрсетілетін қызметті алушының есебінен 50 (елу) пайызы тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемнің 50 (елу) пайызы мынадай шығыстарды құрайды:

80 (сексен) пайыз республикалық бюджеттен түсетін қаражат;

20 (жиырма) пайыз жергілікті бюджеттен алынатын әрбір жылға арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат.

Субсидиялау кімге тиесілі

Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепте тұрған Қазақстан Республикасының мынадай азаматтарының жекелеген санаттарына жүзеге асырылады:

  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға жүзеге асырылады.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігіне субсидиялауды тағайындау отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспаған кезде жүзеге асырылады.

Отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында есепті кезеңде алынған мынадай табыс ескеріледі:

  • еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
  • кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.
  • Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау ұсынылған кезде келесі қаржылар қызметті алушының кірісіне қосылмайды.
  • мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер,
  • зейнетақы төлемдері,
  • білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жалға берілетін тұрғынжайдың ауданы мен отбасы құрамы санының өлшемшарттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Отбасының құрамына байланысты жалға алынған тұрғынжайдың жалпы алаңына жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау үшін мыналарға рұқсат етіледі:

  • отбасы мүшелерінің саны 1(бір)-ден 3 (үш)-ке дейінгі отбасы үшін – 40 (қырық) шаршы метрден артық емес;
  • отбасы мүшелерінің саны 4 (төрт)-тен 5 (бес)-ке дейінгі отбасы үшін – 60 (алпыс) шаршы метрден артық емес;
  • отбасы мүшелері саны 6 (алты) және одан көп обасы үшін – 80 (сексен) шаршы метрден артық емес.

Алаңы үлкен тұрғынжайды жалдау кезінде жалға алынатын тұрғынжай алаңының көрсетілген өлшемшарттарының тек 50 (елу) пайызы ғана субсидиялауға жатады.

Егер жеке тұрғын үй қорында жалға алудың бір шаршы метріне тұрғынжайды жалға алу құны жалға алудың бір шаршы метрінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, тұрғынжайды жалға алудың (жалдаудың) үлгілік шартының нысаны бойынша (жалдау шарты) тұрғынжайды жалға алудың шартында көрсетілген құн төлеуге жатады.

Жақын туыстардан және жұбайынан, оның ішінде бұрынғы жұбайынан, сондай-ақ жұбайының жақын туыстарынан тұрғынжайды жалға алуға жол берілмейді.

Субсидиялауды жүзеге асыру мынадай жағдайлар туындаған кезде тоқтатылады:

  • көрсетілетін қызметті алушының Заңға сәйкес мұқтаж деп танылған тұрғынжайға мұқтаж мәртебесін жоғалтуы;
  • көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялаудан бас тартуы;
  • көрсетілетін қызметті алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, тұрып жатқан тұрғынжайдан шығару;
  • көрсетілетін қызметті алушы басқа тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде;
  • көрсетілетін қызметті алушы тұрғынғынжайды жалдау шартында көрсетілген мекен жайда тұрғылықты болмаса;
  • нақты емес және жалған мәліметтер беру;
  • жақын туыстарынан тұрғынжайды жалға алу фактісі анықталған жағдайда.

Субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ақпараттандыру объектісі арқылы, сайт сілтемесі бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісіммін нысан бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінішке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтініштерді көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында қаралады.

Көрсетілетін қызметтерді беруші өтінішті қабылдайды және қарайды, көрсетілетін қызметтерді алушының көрсетілетін қызметтерді алушыға қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексереді, жалдау төлемдері мен төлеулерін есептеу үшін ағымдағы арнаулы шот ашады, сондай-ақ құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия тағайындайды.

Субсидиялау кезінде көрсетілетін қызметті беруші сайт арқылы:

  • жалдау шартын қалыптастыруды;
  • көрсетілетін қызметтерді алушы мен жалға берушінің арасындағы жалдау шартқа қол қоюды;
  • жалдау шарт уәкілетті тіркеуші органда (қажет болған жағдайда) тіркеуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы ағымдағы арнайы шотта төлем сомасының 50 (елу) пайызын, сондай-ақ жалға алынатын тұрғын үй алаңына қойылатын өлшемшарттардан асып кетуіне байланысты көрсетілетін қызметті алушының өз қаражаты есебінен төлейтін соманы қамтамасыз еткен жағдайда, субсидия жалға берушінің жалдау шартында көрсетілген шотына аударуды жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметтерді беруші ай сайын жергілікті атқарушы органға жасалынған тұрғынжайды жалға беру (жалдау) шарттар туралы мәліметтерді ұсынады.

Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғынжайдың нысаналы пайдаланылуына кемінде тоқсанына бір рет мониторингті жүзеге асырады.

Жалға алу шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалардың тұру фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік үш күн ішінде өзі қоныстанады.

Бұзушылықтар жойылмаған және (немесе) жалдау шартын талаптарының бұзушылықтары қайта анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде, оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімет жібереді.

Жақын туыстарынан және ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғынжайды жалдау фактісі анықталған жағдайда, болашақта оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату үшін мәліметтер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.