00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады

18 қыркүйек, 2024
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады
фото: Оңалхан Өнерхан

Теннистен 16-23 қыркүйек күндері аралығында «Дәулет» спорт кешенінде дәстүрлі ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бір аптаға жалғасатын бәсекеде ерлерде 68 қатысушы тіркелсе, әйелдерде 41 спортшы бас жүлдені сарапқа салады. Жалпы турнирге еліміздің 13 өңірінен қатысушылар бас қосты.

Теннис еліміздің барлық өңірінде дамыған деп айтуға болады. Алайда жазғы чемпионатқа Петропавл мен Жезқазған қалаларынан қатысушы келмеді. Жазғы мен қысқы біріншілік 2 жылда бір рет ұйымдастырылады. Жазғы чемпионаттың қыркүйекте өткізіліп жатқандығының бір себебі - жарыс күнтізбелеріне сәйкес, осы уақыт қолайлы деп санадық. Кейінгі жылдары чемпионат Астана қаласында тұрақты өтуде. Өйткені алаңдар көп және ыңғайлы. Жалпы, Алматы, Астана, Шымкент қалалары ірі жарыстарды қабылдай алады. Алдағы аптада Алматыда халықаралық ATP 250 турнирі жоспарлағандықтан, «Дәулет» спорт кешені жазғы чемпионатқа қолайлы болды. Жалпы бір жылдың ішінде барлық жасты қосқанда 140-тан астам турнир өтеді. Қазіргі сәтте көптеген қалаларда да корттар салынып, әр жыл сайын чемпионатқа жаңа қалалардан келуде. Мысалы, Ақтау, Атырау, Қарағанды т.б. қалаларында корттар салынып, жергілікті спортшылар дайындалуға мүмкіндік алады», - деді жарыстың бас төрешісі Әмір Жақыпов.

Жазғы чемпионатта ұлттық құраманың мүшелері Григорий Ломакин, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева, Аружан Сағандықова қатысып, доданың басты фавориттері саналады.

Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрап, жеке сайыста чемпион атанған теннисші 500 мың теңгеге иелік етсе, жұптық сындағы жеңімпаз 300 мың теңге сыйақы алады.