Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:42
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

Бүгін, 10:46
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды