Тоқаев Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Қазақстан Президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады

15 қазан, 2025
Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 қазан, 2025
Президент Әкімшілігінде екі бөлім меңгерушісі тағайындалды

15 қазан, 2025
Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президентін қабылдады