Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

16 қазан, 2025
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

16 қазан, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті