00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның Украинадағы елшілігі үндеу жасады

20 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстанның Украинадағы елшілігі үндеу жасады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украинадан кетуге шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді назарға алып, дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескереміз», - делінген хабарламада.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.