22 наурыз - Жыл басы


«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтырдан бастап Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлана бастады. Биыл да сол үрдіспен 14 наурызда «Наурызнамa» онкүндігі басталып, күні бүгінге дейін жалғасты. Ал 22 Наурыз - «Жыл басы» аталды.
Жыл басы - халқымыздың ежелден келе жатқан жыл санауы бойынша күн мен түннің теңелуін, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Көне түркілер, қазақтар Наурыз мерекесін жыл басы ретінде ғана емес, көктемнің, жылулықтық келуі, табиғаттың жаңаруы ретінде де тойлаған. Ал мерекенің жаңа форматы бізге қазақ мәдениетінің байлығы мен халқының алуан түрлілігіне назар аударуға, дәстүр-салтымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Наурыз – әр қазақстандық үшін көктемгі жаңару, махаббат пен достық, бірлік пен үйлесімділік салтанат құратын мейрам.



