Астана 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін қабылдайды

Астана 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін қабылдайды
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Фейсал Әл-Кахтанимен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтасты, сондай-ақ «ОПЕК+» аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағытын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресіне ерекше назар аударды.

Қазақстан Конгресті басым жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң ретінде қарастырады.

Кездесу барысында  Қазақстанның 2028 жылы Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті конгресін өткізуге дайындалып жатқаны да атап өтілді. Тараптар іс-шараны дайындау және өткізу барысында тығыз өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа мұнай-газ орындарын іздеу үшін 200 ұңғыма бұрғыланады.