00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Меценаттар коммуналдық қызметкерлерге түскі ас, тәттілер мен ыстық шай таратты

Меценаттар коммуналдық қызметкерлерге түскі ас, тәттілер мен ыстық шай таратты
Фото: Астана қаласы Нұра ауданының Instagram парақшасынан

Астаналық «Хилтон» қонақ үйлері коммуналдық қызметшілерге күнделікті еңбектері үшін алғыс пен жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Нұра ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күнделікті қала көшелерін таза ұстайтын 70-тен астам жол қызметкеріне ыстық тамақ, тәтті тоқаштар және ыстық шәй берілді.

«Біздің мақсатымыз жол жұмысшылардың ерен еңбегіне алғыс білдіру еді. Бұл кішігірім ілтипат олардың рухын көтеріп, жұмыс күндеріне жылулық сыйлайды деп сенеміз», - деп бөлісті шараны ұйымдастырушылар Hilton Garden Inn Astana, Hilton Astana және Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch қонақ үйлерінің әкімшілері.

Естеріңізге сала кетейік, жол жөндеушілер мен мердігер ұйымдардың арнайы техника жүргізушілері қысқы жұмыс режиміне көшкен.

Коммуналдық қызметтер екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істеп, қысқа дайындалуда. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолындағы көктайғақпен күресу үшін қоймаларда қазірдің өзінде 610 тонна реагент, 10 мың тонна тұз және 12 мың тонна құм жинақталған.