Мәслихат төрағасы қала тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

25 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мәслихат төрағасы қала тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады
Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Amanat партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Қабылдауда қаладағы және қала маңындағы автожолдардың сапасына қатысты ұсыныстар талқыланды. Онда көлік тежелу процесін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны енгізу жөнінде ұсыныстар білдірілді.

Сонымен қатар мүлік иелері бірлестіктерінің қызметіне байланысты пікірталас тудырған мәселелер, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысу, тұрғын алаптарда емхана мен балабақша салу мәселелері және басқа да маңызды тақырыптар қозғалды.

«Көпбалалы, жеті баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананың өтінішін тыңдап, сондай-ақ елордалық жоғары оқу орындарының бірінің студентінен жастар саясатының дамуына қатысты ұсынысты қарастырдық. Барлық айтылған мәселелер бойынша тиісті органдармен жұмыс жүргізіледі», - деп жазды Табиғат Зейнұлқабден.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласы мәслихатының төрағасы жаңа стадион қалалық бюджет есебінен емес, қайтарылған активтер арқылы қаржыландырылатынын айтқан болатын.